Четверг, 08 Ноябрь 2018 11:51

Шығыс Қазақстан облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өткізілді

Шығыс Қазақстан облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өткізілді

2018 жылдың 7 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кезекті отырыс өтті. Отырсқа мердігер тараптары,  авторлық  және техникалық қадағалау және РММ «Шығысжоллаборотория» өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Р.Беристенов   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін түсіндірді. Қатысушылар 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен танысты.
Кездесу барысында жаңа қабылданған құқықтық актілердегі мемлекеттік қызмет туралы өзгерістер бойынша толыққанды түсініктемелер берілді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің қызметкері өз баяндамасында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасының мәні мен тұжырымдамасын түсіндірді. Ол жүргізген талдауға сәйкес, «Мемлекеттік басқару картасы» екі мағынаны беретінін тұжырымдады:
1) азаматтарға жолданым навигаторы ретінде қызмет ете алады (Қоғамдық бақылау картасы)
2) сондай-ақ, тәуекелдердің жоғары аудандарын көрсетіп,қабылданған шаралардың тиімділігін арттырады (объектіге арналған қоғамдық бақылау көзі картасы).
Жоба жүзеге асырылу үшін үш тәуелсіз форматта жүзеге асырылады:

Алғашқысы - танымал әлеуметтік желілер және call –centr негізінде құралған қоғамдық бақылау картасы;
Екіншісі - азаматтарға арналған Qamgor мобильдік қосымшасы арқылы қамтамассыз ететілетін қоғамдық бақылау картасы;
Және соңғысы - аймақтық мониторинг топтарының желісі негізінде қалыптастырылған қоғамдық бақылау
Жиналыс соңында спикер іс-шараға қатысып отырғандардың барлық сұрақтарына жауап берді.

181108 2

181108 3

Оставить комментарий

Вы комментируете как Гость.